- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Барлық мәселелер талқыланады"....
"Барлық мәселелер талқыланады". Танымал актер Кәмшат Жолдыбаевамен махаббат хикаясы қалай басталғанын айтты
Танымал актер Ғазрет Ержанов әнші Кәмшат Жолдыбаевамен қалай танысқаны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі НТК арнасына сілтеме жасап.
Өнер иесі актрисамен сериал кезінде жақын танысқанын айтты.
"Біздің отау құрғанымызды бәрі мәлімдеп болған сияқты. Жан-жақтан адамдар барлық ақпаратты таратты ғой. Бұл жаңалық "отбасын құрдым" деп айтуымды талап етпейтін сияқты. Біздің махаббатымыз сериалдың кезінде басталды", - деді ол.
Сондай-ақ, актер Кәмшат Жолдыбаеваның иммиджіне ешқандай пікір білдірмейтінін айтты.
"Отбасын құрған соң мүмкін іштей өзгерген шығармын. Қалғанының бәрі орнында. Ал Кәмшаттың иммиджін өзгертуіне әсер етуім де мүмкін. Бірақ оған "сен былай киін" деп ешқашан айтпаймын. Бізде барлық мәселелер талқыланады. Жалпы екеуміз кездескеннен бастап екі жыл бойы Кәмшат психология саласын зерттегенін білемін", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы