Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Еңбек министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, биыл 1 желтоқсанға дейін әлеуметтік қолдау шараларының барлық өңірге арналған бірыңғай стандартын әзірлеуді тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, 1 желтоқсанға дейін әлеуметтік қолдау шараларының барлық өңірге арналған бірыңғай стандартын әзірлеуі қажет. Барлық күмәнді, тиімсіз әлеуметтік төлем мен жәрдемақыны алып тастау керек. Осы мәселеге нүкте қою керек. Біз әлеуметтік әділеттілікті сақтап, масылдық пиғылды азайту үшін шаралар қабылдаймыз. Үкіметтің міндеті - барлығына бірдей жағдай жасау, ал азаматтар жұмыс істеп, өзін және өз отбасын асырауға ұмтылуы керек", - деді Олжас Бектенов.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда әлеуметтік төлемдер 10 пайызға өсетіні хабарланды. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!