Кинопрокатқа шыққан "Маған Назар Аудар" фильмін не үшін көріп және не үшін көрмеу керек? Бұл туралы режиссер, сценарист Жандос Құсайын TikTok желісінде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фильм туралы ой-пікірін айтып, видеосын жүктегені сол еді қаралым саны 250 мыңнан асып, 300 - ге жуық пікір жинап үлгерген.
"Кейіпкер түс көреді, түсіндегі бір аруға ғашық болып шынайы өмірден, күйбең тірліктен, тамақ иісі шығатын әйелінен баз кешеді. Басты кейіпкер Мақсаттың ендігі жұмысы - ұйықтау, деп сюжетке тоқталып өткен режиссер фильмнен үлкен ой түюге болатынын жеткізді. Ал көрмеуге ешқандай себеп жоқ, отандық киноның дамуына атсалысыңыз", - дейді.
@zhandoskussain “МАҒАН НАЗАР АУДАР” ФИЛЬМІ ТУРАЛЫ
♬ оригинальный звук - Zhandos Kussain
Желі қолданушыларының басым көпшілігі бұл фильмді қолдайтынын жеткізді.
"Кеше бардық, өте керемет", "Осы жылдың потолок киноларының бірі", "Негізі түсімізде әдемі жігітті көрсек күні бойы настроениеміз күштіі болып жүремізғой", "Барлық әйелді жылатты", "Қазіргі қоғамда әйел көбірек жұмыс жасайды еркектен және үй шаруасынада үлгеріп жатады, расында да жәй ғана көңіл ғой". деген секілді пікірлер көп жазылған.
Айта кетейік, "Маған Назар Аудар" фильмі қалың көпшілікке 23 ақпан жол тартқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!