"Барлығына гаджет кінәлі": ШҚО-да арқасы бүкір, көру қабілеті төмен балалар көбейіп барады

"Барлығына гаджет кінәлі": ШҚО-да арқасы бүкір, көру қабілеті төмен балалар көбейіп барады

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған дерекке сүйенсек, былтыр Өскеменде профилактикалық медициналық тексерістен 27907 оқушы өтті. Соның нәтижесінде кейбір сырқат түрлерінің көбейгені анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ресми мәліметке сүйенсек, 1117 баланың көру қабілеті төмендеген. 2018 жылғы дерекке сүйенсек, ол кезде 303 оқушы статистикаға енді. Осыдан төрт жыл бұрын 30 баланың есту қабілеті төмендесе, былтыр бұл көрсеткіш 213-ке жетті.

"Мұның себебі, оқушылардың қазіргі өмір сүру дағдысымен байланысты. Планшет, компьютер, смартфондарды тоқтаусыз қолданады. Күн тәртібін сақтамау, таза ауада аз серуендеу, қимыл-қозғалыстың аздығы осыған түрткі. Кейбір оқушылар құлаққап киіп, телефондағы әуенді бар дауысына қойып тыңдайды. Қысқасы, гаджеттердің әсері көп. Жүйкеге салмақ түсіріп, дұрыс тамақтанбайтындар да бар", – дейді басқарма басшылығындағылар.


Бұдан бөлек, 131 баланың арқасы бүкір болғаны анықталса, 108-інде - сколиоз.


Асыл Бигелді

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы