Батыс Қазақстан облысында қарулы ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Ол әйелінің жұмысына келіп, оны зорлықпен қорқытқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Оқиға Ақсайда болған. Бейнежазбадан ақ халат пен бетперде киген ер адамның дүкенге қарумен кіріп келе жатқанын көруге болады. Ол әйелі мен 20 жастағы ұлын қарумен қорқытқан. Ешкімге оқ атылмаған. Қорыққан әйел оқиға туралы полицияға хабарлаған.
52 жастағы ер адам ұсталып, мылтық тәркіленді. Енді ол қаруды заңсыз алып жүргені үшін айыппұл төлеп, 30 тәулікке дейін қамауға алынады.
"52 жастағы ер адам ұсталды, ол сараптама қорытындысы бойынша орташа дәрежедегі мас күйінде болған. Сондай-ақ ерлі-зайыптылар ажырасуға шешім қабылдағаны анықталды. Ер адам өзінің атына әйелі бірнеше несие рәсімдегендіктен осындай қадамға барған", - дейді Батыс Қазақстан облыстық ПД баспасөз хатшысы Нұржан Қуанғали.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!