Барлыбай Садықов Руандадағы елші болып тағайындалды

Барлыбай Садықов Қазақстан Республикасының Руанда Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Руанда Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!