Say mo лақап атымен танылған әнші Мөлдір Есембекті желі қолданушылары сынның астына алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнерпаз әлеуметтік желіге Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әйгілі Шейх Зайед мешітінің алдында сурет жүктеген. Халыққа ашық образдарымен танылған әншінің орамалмен жүргенін желі қолданушылары сынның астына алды.
Бұл суретті көрген желі қолданушылар әншіні сынның астына алды.
"Дін мен сіз мүлдем үйлеспейсіздер", "Екіжүзділік деп осыны айт", "Бұл күндіз ғана имам", "Жалаңаш болып жүріп, күндердің күнінде хиджаб киіп, коуч бола қалады. Қатындарға дінді насихаттап жүреді. Сондықтан ештеңеге таңғалмаймыз. Осындайларды тыңдау үшін ақша төлейтін қыздарды аяймын", "Мешітке кіргеніңмен, жәннатқа кіре алмайсың", "Бұл мешіттің жанына жолатпайтын еді, сіз қалай кіргенсіз?!. Орамалдан шашыңыз бен аяғыңыз көрініп тұр. Ол жақта әйелдердің киіміне қатты қарайтын ед", - деп жазды оқырмандары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!