“Бәрі ұл деп жүрген“. Мейрамбек Беспаев қызды болды

Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың әйелі қыз босанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында ғана Мейрамбек Беспаевтың жұбайы қуанышты жаңалығымен бөліскен болатын. 

Мархабат Беспаева өмірге келген сәбидің қыз екенін хабарлады. 

"Бәрі ұл деп жүрген – көптен күткен қызымыз дүниеге келді", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Еске салайық, Мейрамбек Беспаевтың әйелі әлеуметтік желіде ана болудың ерекше сезім екенін жазған болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!