Әнші Kalifarniya Taboo бағдарламасында тойына қанша қаражат жұмсағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, тек қымыз алуға ғана қаражат жұмсаған.
"Тойыма 200 мың теңге кетті. Мейрамханаға барып, "тойыңа әртіс керек болады, ал қазір сізде мейрамхана бар" деп келістік. Бірден кілтін беріп, тамағына да, адамдардың кіруіне де ештеңеге ақша төлемедік. Бәрі тегін болды. Тойды продюсерім Гүлнұр ханым ұйымдастырды. "Апатай, мынаның бәрін өзіңе тапсырамын, мен тек тойға келіп отырамын" дедім. Тек қымызға ғана ақша құрттым, сол 200 мың теңге кетті", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!