Алматыда лай көшкінін көзімен көрген Назым есімді куәгер оқиға туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Куәгер оқиға болған үйге жақын маңда тұрады. Оның айтуынша, тұрғындар арасында қорқыныш сейілген жоқ.
"Түнгі 2-де оянғанда тау көшіп жатқанын айтты. Бүкіл көрші далада жүрді. Біз де қорыққаннан далаға шықтық. Қорқыныш әлі де бар. Түнде эвакуациялық орталыққа барған жоқпыз. Бірақ мына жақа адамдар қоршаудан өтіп шыөты, өйткені жол жабық болды. Бәрі сынып, қирап, өтетін жер болмаған соң, қоршауды қиартып, адамдар мектеп артынан шықты. Түнде көлік көп болды. ТЖД, полицейлер, жедел жәрдем, өртсөндірушілер келді. Кейін мектепті ашылды. Шөлдеген адамдарға су беріліп, көмек көрсетілді", - дейді Назым.
Еске салайық, 8 ақпанда түнгі сағат 2:20-да Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануынан лай көшкіні жүргені хабарланды. Төтенше жағдай салдарынан үйлерге зақым келді. Көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.
Кейінірек Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкіні болған жерге барып, шұғыл түрде көшпелі кеңес өткізді.
Ал Төтенше жағдайлар департаменті өкілі тұрғын үйлердің бірінің астында төрт адам қалуы мүмкін екенін, оның екеуі бала, екеуі ересек адам екенін мәлімдеп, құтқару жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
Алматыда лай көшкіні кезінде кім қаза тапқаны белгілі болды
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!