“Бар шындықты айтамын“. Ерке Есмахан қоғамдағы оқиғалар туралы ойын айтты

“Бар шындықты айтамын“. Ерке Есмахан қоғамдағы оқиғалар туралы ойын айтты
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан соңғы уақытта болып жатқан оқиғалар туралы ойын айтты. Тіпті жақында "Ерке Story" деген атаумен Голливуд шуына қатысты жазба шығаратынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін де қазақстандық әншінің әлеуметтік желіде жазған Голливудтағы оқиғалар туралы пікірі отандық медиада тарап кеткен еді. Ерке Есмаханға әлеуметтік желідегі оқырманы "P.Diddy туралы айттыңыз ба? Жаңалықтан көрдім сізді" деп хат жазыпты. 

"Ойбой, мен бір ПиДиддидің белый вечеринкаларында Джастин Бибермен, Бейонспен, Ди Каприомен иық қағысып қыдырғандай жазды ғой... Жақын күндері осы оқиға туралы "Ерке Story" күтіңіздер. Ешкімді аямай, бар шындықты айтамын", – деп жазды ол. 

Сұрақтар легі мұнымен бітпеді. Қазір бала күтіміне байланысты декреттік демалыста отырған әншіні тыңдармандары сағынған болса керек, "жаңа ән шыға ма?" деген сұрақ жолдапты. 

"Отыра беретін сияқтымын. Өмірді басқаша сезініп бастадым. Бұрынғыдай біреуге бірдеме дәлелдегім келіп, мазасызданбаймын. Ал өзіме-өзім бәрін дәлелдедім, көңілім тоқ. Жүрегіме жақын ән болса жарыққа шығарамын, бұйырса", – деді Ерке Есмахан. 

Еске салайық, сайтымызда бұған дейін әлем назарын аударған рэпердің шуы туралы зерттеу жарияланған болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева