Педиатр, неонатолог Анна Левадная балалардың сөйлей алмауы ол ер жете келе өздігінен шешілуі мүмкін деген мифтерді жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бәрі өздігінен кетеді", "танысым бес жасында сөйлеген" немесе "ұлдар қыздарға қарағанда баяу өседі" деген кеңестерге құлақ аспау керек", - деп жазды дәрігер Telegram-арнасында.
Оның айтуынша, ата-ана әдетте бала үш жасқа толып, әлі сөйлем құра алмай, дыбыстардың жартысын айта алмайтын кезде проблемалар туралы ойлай бастайды. Бірақ бұл проблемалар ертерек көрінуі мүмкін. Мысалы, сегіз айда бала дауысқа жауап бермейді, бір жасында ол өтініштерге назар аудармайды, екі жасында әлі де сөздерді айтпайды және оларды түсінбейді.
Кейін бала түстерді, жануарларды, буындарды шатастырып, "з", "ц", "с" әріптерін айтпауы мүмкін, ал бес жасында естігенін қайталамайды, бір буынмен жауап береді және алты жасында "р", "л" әріптерін айта алмай, әңгіме құруды білмейді.
Педиатр бұл жағдайларда бала неврология және психиатрия тұрғысынан сау екеніне көз жеткізуге кеңес береді, егер ол жағынан проблема болмаса, логопедке жүгіну керек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!