“Бәрі өте тез болды“. Куәгер Щучинсктегі трагедияның мән-жайын айтты

Куәгер Щучинсктегі "Центр плова" дәмханасында болған жарылыс туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі belles.kz-ке сілтеме жасап.

Оның сөзінше, бәрі тосыннан болған. Қатты жарылыс болып, ғимаратты өрт шарпыған. Кейін ішінен адамдар жүгіріп шыға бастаған.

"Бәрі өте тез, бір секундта болды. Адамдар жүгіріп шықты. Аспаздар, қызметкерлер - бәрі қардың үстіне құлап жатты. Барлығын сыртқа шығарып жатты. Жүгіріп бардым, сол жерден тәтемді көрдім, оны алып кетіп бара жатты, күйіп қалған, үсті-басы қан болды. Бәрі күйіп қалған, кейбірінің шашы жоқ, бәрі күртелерін тастап, жалаңаяқ жүгіріп шықты", - деді куәгер.

Ол осы өрт кезінде досынан айырылған.

Еске салайық, төтенше жағдай 26 ақпанда кеш уақытта болған. Ақмола облысы әкімдігі мәліметінше, 7 адам қаза тапқан (оның бірі - 16 жастағы қыз). 

"Центр плова" дәмханасы жарылған сәт видеоға түсіп қалған.

Кейінгі мәліметке сәйкес 28 адам зардап шеккен, 13 адам ауруханаға жатқызылған, сегізі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген. 

Сонымен қатар, Щучинсктегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз