Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов өзі туралы желіде шу болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің ұлы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Бәріңіз мен туралы өсек соғып, бір-бірлеріңізге жіберіп болдыңыздар ма? Осындай қиын сәтте кімнің кім екенін білдік. Ер адам болған соң басыңа не келіп, не кетпейді?! Сынақ қой бәрі де. Қыздарға жазбай жүр екенмін ғой. Сіздерге біреудің шалынып құлағаны жетпей жүр екен ғой. Хейтерлерге жалынды сәлем. Алланың көзі тура болсын. Бұл өмірде қателік жасамайтын адам жоқ. Бәрі де қателеседі, себебі біз пендеміз", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!