Әнші Салтанат Бақаева енесімен қарым-қатынасы туралы Бота Абдрамановаға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, ата-енеден бөлек шыққан кездер болған.
"11 жылдан бері ата-енеммен бірге тұрып келеміз. Біз бөлек тұрған кездер болды. Бірақ ыңғайсыз болды. Себебі балаларға қарайтын адам болмады. Бала күтушісіне, бөтен адамға мен баланы сеніп тастай алмайды екенмін. Мұның бәрі қиын болды. Ал бірге тұрған маған ұнайды. Бірақ болашақта балаларыммен бірге тұрғым келмес еді. Күйеуіммен бірге тұруды қалаймын", - деді ол.
Өнер иесі жаңа отбасына сіңіп кетуде енесінің көмегі мол болғанын айтты.
"Олар мен келін болатын кезде дайын болған сияқты. Себебі қыздары да актриса. Олар актрисамен өмір сүру қандай болатынын білді. Шынымды айтайын, әлі күнге дейін етке қамыр жаймаймын. Жолым болды деп айтар едім. Енем маған қатал болмады. Біріншіден, түсінігі мол. Екіншіден, білмегенімді түсіндіріп, айтып отырады. Өзім ашық адаммын, бәрінің нақтысын айтамын, білмегенімді сұраймын. Бұл қасиеттерім жаңа отбасыма сіңуіме көмегі тиді. Әрқашан қолдайтын екінші анама көп рахмет айтқым келеді", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!