- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бәрі кино түсіріп,...
"Бәрі кино түсіріп, продюсер, режиссер болып кетті". Қымбат Досжан қазақстандық кино саласы жайлы
Танымал журналист Қымбат Досжан қазіргі кино саласына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналистің айтуынша, ел аузында тараған "бәрі кино түсіріп, продюсер, режиссер болып кетті" деген ұғым барлығына бірдей қатысты емес.
"Бәрі кино түсіріп, бәрі продюсер - режиссер болып кетті" деген сөз бар қазір… тек бұл сөз Гүлнұр Мамасариповаға қатысты емес. Кеше "Біз екеуміз" фильмін көрдік. Комедия ауқымды жанр: фарс, водевиль, сатира, юморлық, музыкалық, лирикалық, экшн деп бөліне береді. "Біз екеуміз" фильмі маған Б. Томастың "Тетушка Чарлея" комедиялық фильмін еске салды. А.Калягин ойнаған кинорольден соң, 1982 жылы Гитисті бітірген қазақ түлектерінің дипломдық жұмысына осы аталған шығарма арқау болды. Атақты педагог Дудиннің шәкірттері ойнаған "Чарлейдің әпкесі" Әуезов театрының репертуарынан ондаған жылдар бойы түспегені сол кездегі ұлы режиссер Ә.Мамбетовтың жас актерлердің диплом жұмысына берген мықты бағасы болатын. Чарлейдің Тетушкасын ойнаған Гитис түлегі Әлжан Алтаев Калягиннен асып түсті актерлық шеберлігі жағынан… Мұны еске алып отырғаным, міне сол Әлжан Алтаевтан кейін гибкий, пластичный, органичный АКТЕР көрдім мен, ол Даурен Серғазин комедиялық рөлді актердың актері ғана ойнайды, Дауреннің Шеберлігі бізді күлдіре отырып, көзіндегі мұңымен, ішкі жан дүниесімен көзімізге жас үйірілтті, қысқасы қазіргі заманның трагедиясына айналған ставка тігу немесе лудомания әсерінен "қисық жолға" түскен талай адам тағдыры туралы ойлантты. Барып көріңіздер, күле отырып, ой түйіңіздер. Біз көрдік, ұнады. Құтты болсын Гүлнұржан. Сосын менен бір жаңалық болады", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: Алматыда ҰОС ардагерлеріне қанша теңге беріледі?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә