- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Бәрі жалған екен“....
“Бәрі жалған екен“. Жақында тұрмысқа шыққан актриса келіндік өмірі туралы айтты
Жақында тұрмысқа шыққан танымал актриса, әнші Фариза Ескермес келіндік өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Айтайын дегенім, тұрмысқа шыққан соң келін үйде отырады, шай құяды дегеннің бәрі жалған екен. Менің жағдайымда келін жаңа шыңдарды бағындыруға кетті", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, Фариза Ескермес өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққанын мәлімдеген болатын.
"Тойымыз өткен соң мен бірден Астанаға ұшып кеттім. Қазір әлі елордадамын. Менің бұл жаққа не үшін келгенімді жақында білетін боласыздар", - деп оқырмандарын қызықтырып қойды ол.
Айта кетейік, актрисаның үйлену тойында үш көйлек кигенін айтып, желі қолданушылары біраз талқылаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева