Депутат Еділ Жаңбыршин Forbes тізіміндегі қазақстандық миллиардерлерге 20 өңірді бөліп, оларға сол аймақтарға көмектесуді ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Менде бір ұсыныс бар. Біреу популистік деуі мүмкін, біреу тағы басқа дейді. Бізде Forbes-те 160 миллионер мен миллиардер бар. Соның 20-сын 20 өңірге бөліп беру керек секілді. Үкіметтің бүкіл байлығынан пайда таптыңдар, байыдыңдар, енді Үкіметке көмектесіңдер. Халыққа, билікке көмектесіңдер. Бұл ұсыныс, соны ойластыру керек.
Бар ғой ақшалары, оның бәрін о дүниеге алып кетпейді ғой. Елге көмектессін. Осы мемлекеттің арқасында байыды", - дейді депутат.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!