- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бар дауысымен айқайлады"....
"Бар дауысымен айқайлады". Өскеменде әйел адамды көшеде күндіз зорлап кеткен
Өскеменде әйел адамды көшеде күндіз зорлап кеткен. Бұл оқиғаны полиция растап, күдіктінің қолға түскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жағдай 8 қазанда Протозанов көшесі, 19 мекенжайында таңертең болған. Қала тұрғындарының айтуынша, зардап шегушінің жан ұшыра айқайлаған дауысы шыққанда маңайда жүрген ешбірі көмекке келмеді. Қасқөй арам ойын көпқабатты үйлердің бірінші қабатындағы балконы маңында іске асырған көрінеді.
Тұрғындар сөзінше, зардап шеккен әйел таңертең үйінен шыққанда жолай өтіп бара жатқан белгісіз адам көшеде зорлаған.
"Әйел бар дауысымен айқайлады. Түн емес, жарықта болған жайт. Анау, адам деуге ауызым бармайды, тезірек қылмыстық жауапкершілікке тартылып, түрмеде шірісе екен", - деді тұрғындар.
ШҚО Полиция департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, бұл дерек тіркеліп, тексеріс жүргізіліп жатыр.
"Күдікті қолға түсті. Тергеу амалдары аяқталған соң құқықтық баға беріліп, тиісті процестік шешім шығарылмақ", - делінген мәліметте.
Асыл Бигелді
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы