Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Тұрсынғали Еділов "Уақыт көрсетеді" youtube-арнасына берген сұхбатында спортшылардың неліктен "шаршап жүргенін" айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, тренерлер байырғы боксшыларды Олимпиадаға қатыстыра беру дұрыс емес.
"Біз Федерациядан бастап бәрін жоғалтып алдық. Тек бас бапкерге сенеміз. Олимпиадаға аш балаларды әкелу керек. Олардың көзінде жеңіске деген ұмтылыс болады. Егер сен тойып алсаң, қалай қимылдайсың? Аш болу керек, олар сол кезде қимылдайды. Финалда кім жаңашылдықпен келеді - сол жеңіске жетеді. 3-4 дүркін Олимпиада жүлдегерлерін қайта-қайта неге қатыстыра береді? Мәселе - сол. Соны сезбейді тренерлер, барлық бәле содан", - деді ол.
Тұрсынғали Еділов жеке өмірі туралы да атап өтті.
"Бірінші әйелімнен екі бала, екінші әйелімнен үш бала бар. Ұлым Америкада жүр. 2010 жылы үшінші рет үйлендім. Бірінші әйеліммен мүлде араласпаймын. Тек балалар араласады. Ертең қызымды ұзатқанда "атынан қорқатын бапкер екен, не береді" десе, мен оларға не беремін", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!