Танымал тележүргізуші, журналист Руслан Өтепбай футбол бапкерінің әрекетін сынға алып, жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Бапкерге де, басқаға да сенім жоқ заман!" - деп жазды ол оқушы қызды қонақ үйге апарып, әурет жерін ұстатқан футбол бапкерінің әрекетіне қатысты.
Еске салайық, жақында Павлодарда футбол бапкері кәмелетке толмаған қызды қонақ үйге апарып, тиіскені туралы ақпарат тараған болатын.
Павлодардағы балалар омбудсмені Сәуле Шәкенованың айтуынша, қазір қыз үйінде, отбасы оған қолдау көрсетуге тырысып жатыр. 10 жастағы қызға психолог маман да қолұшын созып жүр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз