- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Банкте депозиті бар,...
Банкте депозиті бар, бірақ ішінде ақшасы жоқ адам ипотекаға баспанаға қол жеткізе ала ма? Сарапшы пікірі
Бүгінде қазақстандықтарға ипотекаға баспана алуға мүмкіндік беруге бағытталған мемлекеттік бағдарламаның бірнеше түрі бар. Алайда қандай бағдарлама болсын, сатып алушының қорында алғашқы жарнасы болуы керек. Осыған байланысты жылжымайтын мүлік бойынша сарапшы Қайрат Қожанов "Таңғы studio" берген сұхбатында банкте депозиті бар, бірақ ішінде ақшасы жоқ адам ипотекаға баспананы ала алуы қаншалық мүмкін екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, алғашқы жарнасыз пәтер алуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама бар, бірақ ол тек белгілі бір адамдар тобына беріледі.
"Бұл негізі дұрыс мотивация емес, өйткені кез келген нәрсенің сұрауы бар, төлеу керек. Сіз алғашқы жарнаны қаншалық аз салсаңыз, артық төлемді соншалық көп төлейсіз. Ол ауыр тиюі мүмкін, сондықтан баспана алар кезде кем дегенде таңдаған пәтердің 20 пайызын жинап, алу керек. Ал Отбасы банк бойынша алғашқы жарнасыз баспана алу мүмкін емес. Бірақ әйелдерге арналған бағдарлама бар, ол арқылы пәтерді алғашқы жарнасыз алуға мүмкіндік бар", - деді Қайрат Қожанов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, бұған дейін "10 жылдан кейін сата алмайсыз". Жылжымайтын мүлік бойынша сарапшы ипотекадағы тиімді фишкаларды бөліскені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: «Дипломмен ауылға» жобасына қатысатындарға қандай көтермеақы беріледі?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә