Абай облысында заманауи құрылғы көмегімен алаяқтыққа барған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Абай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Семейдегі жалдамалы пәтерде виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған GSM-box аппаратурасын ұялы байланыс желілеріне қосқан шетелдікті анықтады.
Бұл құрылғы ҚР азаматтарына қоңырау шалатын алаяқтық схемаларда, яғни банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде хабарласу үшін пайдаланылған.
"Абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламалар жасау, пайдалану, тарату деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктінің әрекетінен зардап шеккен адамдар анықталып жатыр", - деп жазылған ІІМ хабарламасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!