- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Банк немесе банкинг...
Банк немесе банкинг – таңдау кәсіпкерде
Кәсіпкер атану оңай. Мәселенің бәрі кәсіпкер болып қалуда. Бизнес ашу, бизнесті сауатты жүргізу және үнемі клиенттердің талаптарына сай болу – кәсіпкерлер үшін оңай челлендж емес.
Осы міндеттемелерді жеңілдету жолдары бар ма? Кәсіпкерлер, әдетте, іскерлік бағытын таңдау барысында көңілі қалаған, өзінің ішкі жан-дүниесіне сай келетін саланы таңдайды. Сондықтан да, наубайшыға үлбіреген бауырсақ пісіруді немесе ТЖО иегеріне карбюраторды жөндеуді үйретіп жатудың қажеті жоқ, өйткені екі маман иесі де өз істерінің шебері, сырттан кеңес алуды қажет етпейді. Алайда сүйікті ісіңізбен қатарласа жүретін басқа да бизнес-процестерге келгенде, шеберлік көрініс таба бермейді. Көбіне «әлсіз тұс» бухгалтерлік есеп пен қаржы болып жатады. Қазіргі жаппай цифрландыру заманында айналып өте алмайтын міндеттемелерді оп оңай, бір ғана банктік мобильді қолданбаға «сыйдырып қоюға» болады.
Сіздерге жаңа ATFBusiness мобильді банкингін орнатқаннан кейін жеке кәсіпкер ретіндегі өміріңізге енетін жеңілдіктер туралы және смартфон көмегімен қаржылық мәселелерді қалай шешуге болатындығы туралы айтып беретін боламыз.
Сіз бизнесіңізге уақытты көбірек бөлетін боласыз. Нақтырақ айтатын болсақ, осы істегі негізгі идеяға, нақты жасалатын әрекеттерге баса назар аударатын боласыз. Өйткені, енді қаржылық тұстарын шешу үшін банк бөлімшелеріне барып сарғайып күтудің қажеті жоқ, қалтаңыздан смартфонды шығарсаңыз болғаны. Бастапқы кезеңнен-ақ бәрі оңай, банкке барып әуре болмайсыз, тіркелу үшін ЖСН және ұялы телефон нөмірі болса жеткілікті.
Қаржылық мәселелерді шешудегі ұтқырлық жаңа деңгейге өтеді. Ол деген бизнестегі тиімділіктің артуы деген сөз. Бухгалтерлік құжаттардың беймәлім әлемі ATFBusiness арқылы сізге жаңа тұсынан ашылатын болады, бәрі түйсікпен танылатын дизайнда жасалған, сіз үшін бәрі «рет ретімен» орналастырылған. Шоттарды ашу, карта шығару, төлемдер және аударымдар жасау, үзінділер мен анықтамалар алу – осының әрқайсын жеке орындау үшін ШОБ иелерінің уақыты жетпейтіндігі ешкімге құпия емес. Ал АТФБанктің ЖК арналған жаңа қолданбасы көмегімен осы әрекеттің бәрін жолда жүріп бара жатып-ақ, бір-екі шерту арқылы орындай аласыз.
Қаржылық қауіпсіздік мәселесін бүгіннен бастап ұмытыңыз. ATFBusiness-те жеке сәйкестендіру үшін пайдаланушы TouchID, FaceID, Fingerprint, PIN немесе қалыпты логин және пароль арқылы кіруді таңдай алады. Қаржыға қолжетімділік 24/7 режимінде болады, күмән туған болса, босқа уайымға салынбай, кез келген уақытта дереу қолданба арқылы кіріп қажетті тексерулер жасай аласыз.
Егер сіз жеке тұлға ретінде кез клеген мобильді банкингті қолданып жүрген болсаңыз, онда ATFBusiness логикасын түсіну сіз үшін қиындық тудырмайды.
Серіктес материалы
Н. Үсенова