"Банк қызметкерлерін байлап тастаған". Kaspi Bank-ке жасалған шабуылдар

"Банк қызметкерлерін байлап тастаған". Kaspi Bank-ке жасалған шабуылдар

Kaspi Bank-тің Астанадағы бөлімшесінде ер адам бірнеше тұрғынды кепілге алған. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кепілге 7 адамды алған ол бірнеше талаптар қойды. Оқиға орнына қала әкімі Жеңіс Қасымбек пен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов келді. Министрдің өзі қылмыскермен сөйлесті. Кейіннен ол ұсталды. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Осыған орай  Мassaget.kz тілшісі Kaspi Bank-ке жасалған шабуылдарды тізіп шықты.

2015 жыл, Петропавлда Kaspi Bank-ті қарумен бір адам тонамақшы болған

6 қарашада Петропавлдағы банктердің бірінің бөлімшесінде қарулы тонау әрекетінің жолы кесілді. Шабуылшы қарумен қорқытып, кассаны тонау ойы жүзеге аспаған. Күзетші қаруды шабуылдаушыдан тартып алған. Ол қашып кетпек болған, күзетші оны қуып жетіп ұстаған.     

Банк басшылығы күзетшіні ақшалай сыйлықпен марапаттаған.

2016 жыл, Алматыда Kaspi Bank филиалына шабуыл жасалды

Әуезов пен Төле би көшелерінің қиылысында орналасқан Kaspi Bank филиалына шабуыл жасалды.

2 қыркүйекте қарулы адам Алматыдағы Kaspi Bank филиалына тонау мақсатында басып кірген. Қылмыскер бөлімшеде 1998 жылғы аңшы мылтығын қолданған, бірақ ешкім зардап шекпеген. Банк қызметкерлері бірден дабыл түймесін қосып, оқиға туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына жеткізген. Ол 2,7 миллион теңге мен 4,1 мың еуроны жымқырған.

2017 жыл Шымкенттегі шабуыл

Ол 1 жыл тыныш жатып, 2017 жылдың 12 қазанында Kaspi Bank-тің Шымкенттегі бөлімшесіне түтін шығаратын бомба және балта алып келген. Балтамен қорқытқан шабуылшы шамамен 15 миллион теңге, 85 мың рубль және 23,1 мың доллар ұрлап кеткен. Көп өтпей қылмыскер ұсталды.

Сот оған 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгілеген.

2017 жыл, Талғардағы қарулы шабуыл

Kaspi Bank-тің Талғар қаласындағы бөлімшесіне қарақшылық шабуыл 2017 жылдың 22 тамыз күні таңертең жасалған. Қаруланған, бетперде киген қарақшылар төбеден түсіп, банк қызметкерлерін байлап тастаған. Шабуыл жасаушылар кассадағы ақшаны алып кеткен.

Кейіннен тонаушылардың 40 млн теңге алып кеткені жазылды.

2020 жыл, Алматыда тонаушылар Kaspi банктен 2 млн теңге алып кеткен

Алматыда 15 қазанда екі қарулы қарақшы Kaspi филиалына шабуыл жасады. Олар кассадан екі миллион теңгеге жуық ақшаны (4,5 мың доллардан сәл астам) суырып алған. Кейіннен 3 адам ұсталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Иссыка ? (@novosti_issyka)

Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларда шабуылшының балтамен әйнекті сындырып, касса орналасқан бөлмеге қалай кіріп, ақшаны алып кеткені көрсетілген. Осы кезде бөлімшеде болған банк қызметкері алдымен үстел астына тығылып, кейін қорқып, шетке шығып кеткен.

Банк қызметкерінің ешқайсысы зардап шекпеген. Қылмыскерлер 8 жылға бас бостандығынан айрылды.

Еске салайық, 18 мамырда Kaspi.kz-тің Астанадағы бөлімшесінде ер адам бірнеше тұрғынды кепілге алған. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кейін Kaspi Bank өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, кепілге алынғандар арасында келушілер жоқ.

"Қазір филиалда тек банк қызметкерлері ғана, филиалда келушілер жоқ. Тәртіп сақшылары қызметкерлерді қорқытқан ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр. Полиция мен банктің барлық күші ешкімнің зардап шекпеуін қамтамасыз етуге бағытталды. Кез келген ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарауыңызды және құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеуіңізді сұраймыз. Кез келген жалған ақпарат жағдайдың шиеленісуіне әкелуі мүмкін", - делінген хабарламада. 

Ішкі істер министрлігі өкілдері Kaspi Bank-те неше адам кепілде отырғанын мәлімдеді. Kaspi Bank-те кәсіпқой келіссөзшілер кепілгермен сөйлесіп жатыр. Ер адам 7 адамды кепілге алғаны мәлім болды.

"Ер адамның оқ өтпейтін жилет кигені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ, оқиға орнында "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз. Әскери қызметкерлер арнайы операцияға қатысқан жоқ. Біз азаматтарды ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз", - деді ІІМ өкілдері. 

Kaspi.kz қызметкерлерінің кепілге алынуы: куәгер оқиға қалай болғанын айтты

Кейін кепілге алынғандардың сыртқа шығарылғаны, оқиға орнына қала әкімі Жеңіс Қасымбек пен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов келгені хабарланды. Ішкі істер министрі басқыншының ұсталғанын растады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Т. Раушанұлы