Бүгіннен бастап ҚР Қылмыстық кодексіне дропперлік үшін жауапкершілік көзделетін жаңа 232-1-бап енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу, сондай-ақ, заңсыз төлем жасау, ақша аудару, оның ішінде материалдық сыйақы үшін үшінші тұлғаларға банк картасын беру дропперлік деп саналады.
Бұл әрекет - интернет алаяқтықтың негізгі әдістерінің бірі және ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолданылады.
Іс-әрекеттің ауырлығына, сипатына және тапқан пайда мөлшеріне қарай 232-1-бапта айыппұлдан бастап, мүлікті тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!