Қазақстанда банк картасын үшінші тұлғаларға бергені үшін жауапкершілік енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыстық кодекстің жаңа 232-1 бабына банк деректерін үшінші тұлғаларға бергені үшін, сондай-ақ, материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін немесе оларды алу мақсатында үшінші тұлғаның мүддесі үшін я болмаса пайданы көздеп, төлемдер немесе ақша аударымдарын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
ІІМ мәліметінше, алаяқтар осы деректерді қылмыстық кірісті қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдаланады.
"Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбейді. Жеке және банк деректері жай ғана ақпарат емес, бұл - сіздің мүлкіңіздің, қауіпсіздігіңіздің және заң алдындағы жауапкершілігіңіздің кілті", - деді ІІМ өкілдері.
ІІМ мынадай кеңес берді:
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!