Жамбыл аудандық соты шекарадан заңсыз өткен Бангладеш Халық Республикасының алты азаматына қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылғы маусымда сотталушылар Қырғыз Республикасындағы өткізу пункттерінен Қазақстан аумағына еңбек қызметімен айналысу мақсатында визасыз заңсыз кірген.
Сотталушылар кінәсін толық мойындады.
"Сот сотталушыларға Қазақстан Республикасынан 5 жыл мерзімге шығарып жібере отырып, әрқайсысына 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны түпкілікті тағайындады", - делінген сот үкімінде.
Үкім заңды күшіне енді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!