- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көші-қон
Бангладеш азаматтары Қазақстаннан күштеп шығарылды
Астанада көші-қон заңнамасын бұзған Бангладеш азаматтары анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астананың полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған үш Бангладеш азаматын анықтады.
Тексеру нәтижесінде шетелдіктердің елордаға туристік визамен келгені белгілі болды. Алайда турист мәртебесімен елде бола тұра, олар заңсыз еңбек қызметімен айналысып, Еуропалық Одақ елдеріне виза алуға әрекеттенген.
Сонымен қатар олардың виза мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан аумағынан уақытылы шықпағаны анықталды. Осыған байланысты Бангладеш азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасынан күштеп шығарылды.
"Астананың полиция департаменті шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ел аумағында болу мерзімі аяқталғанға дейін міндетті түрде шығу қажет екенін ескертеді. Бұл талап орындалмаса, шетелдіктерге әкімшілік жаза, соның ішінде елден күштеп шығару шарасы қолданылатынына назар аударады", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан