Банан көпшілік үшін қауіпсіз өнім саналады. Алайда кейбір адамдарға оны абайлап жеу керек. Бұл туралы Prevention басылымына пікір білдірген диетолог Николь Дандреа-Руссерт ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, бүйрек ауруы бар адамдар бананды шамадан тыс жемегені жөн. Өйткені мұндай адамдарға қандағы калий мөлшерін бақылау маңызды, ал бананда калий көп.
Сонымен қатар, әбден піскен банан мигреньге бейім адамдардың бас ауруын қоздыруы мүмкін. Ал диабеті бар адамдарда қандағы қант деңгейі күрт көтерілуі ықтимал.
"Егер адам қандағы глюкоза мөлшерін бақылап жүрсе, бананды ақуызы мен талшығы мол тағамдармен бірге жеген дұрыс", - деп кеңес берді Дандреа-Руссерт.
Диетологтың айтуынша, кейде бананды дені сау адамдар да ұнатпауы мүмкін.
Бұған банан құрамындағы магний мен триптофан әсер етеді. Бұл заттар ағзаны босаңсытуға көмектеседі, бірақ кей адамдарда керісінше қатты шаршау мен әлсіздік сезімін туғызуы мүмкін.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз