Алматы облысы Қонаев қаласының сотында аса ірі көлемдегі балық өнімі "көксерке филесі" контрабандасы бойынша іс жүргізу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттік айыптаушылар 2021 жылдың қазаны мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында компания басшысы азамат И. браконьерден заңсыз ауланған балықты сатып алып, Еуропалық Одақтың әр түрлі елдеріне экспорттағанын дәлелдеді.
Экспортқа рұқсат алу үшін жасанды көксерке өсіруге мүмкіндігі жоқ шаруа қожалығында балықтың шығу тегі туралы жалған құжаттар пайдаланды.
Заңсыз экспортталған балық өнімдерінің жалпы құны 210 миллионнан астам теңгені құрады.
26 шілдеде сот үкімімен азамат И. ҚК-нің 234-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, 210 млн теңге кедендік төлемдерді мемлекет кірісіне өндіре отырып, оған бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!