Балық жеудің қандай қаупі бар?

Балық ағзаның сау жұмыс істеуі үшін қажет кальций, йод, фосфор, калий және селен сияқты дәрумендер мен минералдардың бай көзі екені белгілі. Ал ең бастысы балық майында омега-3 көп болады. Балық туралы маңызды қандай ақпараттарды білу керек? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.

Балықты қанша рет жеген дұрыс?

Балықтың орташа порциясы - 115-140 грамм. Ересектерге аптасына кем дегенде екі порция балық жеуге кеңес беріледі, олардың бірі балықтың майлы сортынан болғаны дұрыс екен.

Ал жүкті және бала емізетін әйелдерге аптасына екі-үш рет жеу қажет болса, олардың ішінде кем дегенде бір майлы балық сорты болуы керек.

pixabay

Бір жастан екі жасқа дейінгі балаларға аптасына 85 граммнан көп балық жеуге кеңес берілмейді, бірақ нақты мөлшерін дәрігер анықтағаны дұрыс.

Өсіп қалған балаға арналған балықтың мөлшері оның қаншалық тамақ жейтініне байланысты анықталады. Ата-ана балаға қанша балық қажет екенін білу үшін педиатрмен кеңескені жөн.

Балық кімдерге пайдалы?

Балықта кальций, темір, май қышқылдарының болуы әйелдердегі жамбас мүшелерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін пайдалы. Балық жеу тырнақтың, шаштың, сүйектің және тістің сапасына оң әсер етеді. Сонымен қатар, балықты үнемі тұтыну көру қабілетін, есте сақтау мен зейінді жақсартуға мүмкіндік береді.

Ер адамдар жүрек-қан тамырлары ауруларынан жиі зардап шегетіндіктен, олардың рационында балық болуы міндетті түрде болуы керек. Оны қолдану қабыну процестерінің пайда болу қаупін азайтуға мүмкіндік береді, тамырларды тазартуға көмектеседі, сонымен қатар, қанайналым жүйесіне оң әсер етеді.

Балықтың қандай қаупі бар?

Балықтың кейбір түрі аллергендерге жатады. Ең көп тарағандары - тунец, треска, лосось және сом. Майлы балық түрлерін дұрыс тұтынбау асқазан-ішек жолдары, бауыр және ұйқы безі проблемаларына әкеп соғуы мүмкін.

Сондай-ақ, балықтан улану қаупі жиі кездеседі. Әдетте бұл балықты сақтау шарттарының бұзылуына немесе құрамында зиян заттар бар балықты тұтынуға байланысты болады. Сондықтан көбіне жұқпалы аурулар мен паразиттерді жұқтырмас үшін балықты шикі түрде жеуге кеңес берілмейді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!