Балық аулауға шыққан: Атырауда суға батып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр

Атырауда балық аулауға шыққан 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Atyrau Online мәліметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 3 мамырда сағат 17:25-те Еркінқала ауылында болған. Балық аулауға шыққан 17 жастағы жасөспірім моторлы қайықтан өзенге құлап, суға батып кеткен.

Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстарына 19 құтқарушы, 5 техника және 6 жүзу құралы жұмылдырылған. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері де тартылған – 8 адам, 3 техника және 1 қайық. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

БАҚ мәліметінше, 2007 жылы туған жасөспірім дзюдомен айналысқан, жарыстарға қатысқан және болашағынан үміт күттіретін спортшы болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!