Астана су қоймасында екі балықшы құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше кешке ақмолалық құтқарушыларға 2001 және 2003 жылы туылған екі ер адам балық аулауға барып қайта оралмағаны туралы хабар түскен.
Жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметкерлері, құтқарушылар балықшыларды бүгін таңертең тапқан.
"Түнде қатты жел оларды қарама-қарсы жағалауға шығарып тастағаны, кейін олар өздігінен орала алмағаны белгілі болды. Оған қоса балықшыларда құтқару кеудешелері мен байланыс құралдары болмаған", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін де Ақмола облысында балықшылар суға батып кете жаздағаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз