Балық аулап отырып, көлге құлаған: Жамбыл облысында жасөспірім соңғы сәтте құтқарылды

Жамбыл облысында полицейлер көлге батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

102 арнасына жасөспірім көлге батып бара жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері Маханбет Шаянбаев пен Қасымхан Қалаубек ойланбастан суға секіріп, 16 жастағы жасөспірімді аман алып қалған.

Жасөспірім балық аулау кезінде көлге абайсызда құлап, тасқа ілініп қалғандықтан, өздігінен жағаға шыға алмаған.

"Құтқарылған жасөспірім жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Қазір оның жағдайы жақсы. Жасөспірімнің ата-анасы полицейлерге жедел әрекеті мен батылдығы үшін алғыс білдірді", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!