Ішкі істер министрлігі өкілдері Петропавлдағы №4 мектепте болған жағдайдың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
13 ақпанда сағат 07:52-де Петропавл қаласының полиция басқармасына №4 орта мектептің оқушыларына дене жарақатын келтіру туралы хабарлама түскен.
Оқиға болған орынға жылдам жедел-тергеу тобы шығып, тексеру барысында сағат 07:40-та рюкзагында асханалық балта, пышақ және қолдан жасалған маска болған 9-сынып оқушысы анықталған.
Ол сағат 07:50-де екінші қабатта орналасқан әжетханада маскасын киіп, балтамен дәлізге жүгіріп, біріншіден 10-сынып оқушысының басынан екі рет ұрып, одан кейін 10-сыныпта оқитын қыздың иығына бір рет және басына екі рет ұрған. Одан бөлек, 9-сынып оқушысының басынан бір рет ұрған. Шабуыл жасаған оқушыны жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер ұстаған.
Петропавлдағы мектепте шабуыл жасаған оқушының маскасы мен балтаның суреті тарады
Екі жәбірленуші қалалық емхананың стационарында жатыр, жағдайлары бірқалыпты. Бір оқушы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды.
Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заңды өкілі анасы болып анықталды.
Күдіктінің психикалық денсаулығында проблема болған. Алматы қаласының Республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастырға рұқсат берген.
Еске салайық, бүгін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттағаны хабарланған болатын.
Оқиға таңертең №4 мектепте болған. Қала әкімдігінің мәліметінше, екі бала балалар ауруханасында жатыр. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!