Балта ұстаған жасөспірім екі оқушыға шабуыл жасаған: мектеп директоры қызметінен босатылды

Атырау облысы Құлсары қаласындағы мектепте болған жантүршігерлік оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасы мәлімдеді.

"Құлсары қаласындағы №6 А.С Пушкин атындағы орта мектептің директоры өз еркімен қызметінен босатылды. 5 ақпанда мектеп директорына болған оқиғаға байланысты қатаң сөгіс берілді. 6 ақпанда өз еркімен қызметінен кету туралы арызы қанағаттандырылды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, 5 ақпанда 102 арнасына Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы қатарластарымен жанжалдан кейін оларға шабуыл жасап, мектеп аумағынан бой тасалағаны туралы хабарлама түскен. Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алды.

Бұл дерекке қатысты бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, Ішкі істер органдарының есебіне алынды.

Кейінірек зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!