Кейде көптің сүйікті жазғы тәттісі денсаулыққа қатысты мәселе тудырады, яғни балмұздақ құрамында өсімдік майлары, көгеру және тіпті канцерогендер болуы мүмкін. Сондықтан сапасы жоғары балмұздақты таңдай білу қажет. Тоңазытқыш өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Антонина Творогова қауіпті балмұздақты қалай анықтауға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Пятый каналға" сілтеме жасап.
Сарапшының айтуынша, балмұздақты дұрыс сақтамаса, қауіпті бактериялар көбеюі мүмкін. Мұндай өнімді тұтынғаннан кейін уланып, салдары ауыр болуы да мүмкін. Сапасы төмен балмұздақты қалай анықтауға болады және денсаулыққа зиян келтірмеу үшін оны қаншалық жиі жеу болады?
Балмұздақтың бұзылуының негізгі түрлері - май фазасының тотығуы және мұз кристалдарының өсуі.
"Егер бұл май фазасының тотығуы болса, онда балмұздақтан жағымсыз дәм сезіледі. Егер өте терең зақым болса, оның дәмі ащы болады", - деді Тоңазытқыш өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Антонина Творогова.
Сонымен қатар, сапалы өнімде салмақ граммен көрсетілуі керек, өйткені миллилитрдегі көлем нақты массаны көрсетпейді. Егер затбелгі бұлыңғыр немесе тозған болса және балмұздақтың өзі деформацияланған болса, онда мұндай өнімді сатып алудан бас тартқан дұрыс.
Балмұздақтың рұқсат етілген мөлшері туралы айтатын болсақ, сарапшылар бірқатар факторға назар аударуға шақырады. Диетологтардың пікірінше, салмақ тастағысы келетіндер десертті аптасына екі-үш реттен артық жемеуге тырысуы керек. Ең дұрысы, сүйікті десерттің аз калориялы баламасын таңдаңыз. Мысалы, сорбет.
Егер сіз классикалық балмұздақтан бас тартқыңыз келмесе, онда оның құрамына назар аударған жөн. Балмұздақ құрамында неғұрлым қант аз болса, оның зияны да соғұрлым аз болады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Кәуапты қалай маринадтайды?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз