- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Балконда темекі шегуге...
Балконда темекі шегуге бола ма?
Қазақстанда темекі шегуге болатын және болмайтын жерлер туралы ережелер жиынтығы бар. Ал темекі шегетін адамның көршісі болсаңыз ше? Бұл жағдайда сізді заң қорғай ма? Сұраққа заңгер Надежда Гельдт жауап береді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.
"Право знать" Telegram-арнасы авторының айтуынша, егер нысан қоғамдық кеңістіктің бір бөлігі болса, балконда темекі шегуге тыйым салынады.
"Егер бұл кіреберістегі ашық, қапталмаған балкондар, яғни қоғамдық орын болса, темекі өнімдерін пайдаланған тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік қолданылады", - дейді заңгер.
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 441-бабында қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Сонымен, белгіленбеген жерде темекі шеккені үшін – 15 АЕК (51 750 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Ал егер заңбұзушылық жыл ішінде қайталанса, онда айыппұл 20 АЕК (69 000 теңге) дейін өседі.
"Үйдегі балкондарға келетін болсақ, заңға сәйкес оларда темекі шегуге тыйым салынбайды, өйткені балкон жекеменшік болып табылады. Сондықтан, көршілердің темекі шеккенінен жағымсыз иіс шығып, ол сізді мазалайтын болса, мәселені өзіңіз, жағдайды түсіндіру арқылы шеше аласыз", - деп түйіндеді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан