Балқаш жағалауында көлікпен қауіпті әрекет жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері Алматы облысы Жамбыл ауданы Балқаш көлінің жағалауында адамдар, балалар шомылып жүрген кезде Mercedes-Benz көлігімен суға түскен 40 жастағы жүргізушіні анықтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ол осы әрекеті арқылы айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.
Құқық бұзған адам Тараз қаласының тұрғыны болып шықты.
"Ол сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Көлік арнайы тұраққа қойылды", - деді ІІМ өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова