Әлеуметтік желілерде автомобиль жолындағы жарылыстың салдары көрсетілген видео тарады. Желі қолданушылардың айтуынша, бұл кадрлар Балқашта түсірілген. Алайда бұл шындыққа сәйкес келмейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Балқаш әкімдігі жарылыс туралы ақпаратты теріске шығарды.
"Балқашта да, оның маңында да жарылыс болған жоқ, қала тыныш", - деді Балқаш әкімінің баспасөз хатшысы Темірлан Игембай.
Видеодағы жарылыс - жолды реконструкциялау аясындағы жоспарлы жұмыстар.
"Балқаш-Бурылбайтал" автожолының, лот-3, 1955-2005 шақырым бөлігін қайта құру учаскесінде жобаға сәйкес бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілді. Бұл учаскеде жартасты топырақта қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің баспасөз қызметі өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!