Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті (кадрлар)

Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті (кадрлар)
Фото: Tengrinews.kz

Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, 19 ақпанда сағат шамамен 08:10-да Қараменде би көшесі, 10 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің бұған дейін апат жағдайында, бұзылуы керек деп танылып, қазір пайдаланылмайтын кіреберіс бөлігі опырылған.

"Бұл жерде ешкім тұрмаған. Зардап шеккендер жоқ. 2025 жылы техникалық қорытынды мен құрылыс сараптамасы негізінде бұл кіреберіс апат жағдайында деп танылған. 5-кіреберістің тұрғындары бұған дейін қоныс аударып, пәтерлері тұруға жарамсыз деп танылғандықтан, заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде есепке қойылған", - деді әкімдік өкілдері.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер тіркелмеген. Ғимарат қоршалып, кіруге шектеу қойылған, электр, жылу, су жүйелері ажыратылған.

Tengrinews.kz

Қазір құрылыс және қауіпсіздік талаптарын сақтап, 5-кіреберісті демонтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Демонтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін қалған 4 кіреберісте қосымша техникалық тексеріс, құрылыс сараптамасы жүргізіледі", - деп жазылған хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Балқаш қаласы әкімдігі (@balqash_qalasy_akimdigi)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget