Балқашта танымал дәрігер ерлі-зайыпты қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігерлердің қазасының себебі - өрт. Оқиға Сармантайұлы көшесінде болған. Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жер үйдің бірінші қабатында дәліздегі қабырғалар, есік қаптамасы, жиһаз бен тұрмыстық заттар 30 шаршы метр аумақта өртенген. Қызметкерлер оқиға орнына келгенде өрт өздігінен сөндірілген.
Алайда қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмады. Үйдің бірінші қабатынан 1948 жылы туған ер адамның және 1949 жылы туған әйелдің денелері табылды. Алдын ала болжам бойынша, ерлі-зайыпты түтіннен уланып көз жұмған.
Қаза тапқандар Юрий Аркадьевич пен Наталья Евгеньевна Шерстовтар екені белгілі болды. Олардың есімдері Балқашта медицинасында бәріне мәлім.
Юрий Аркадьевич жарты ғасырдан аса спорт медицинасы саласында еңбек еткен, Қазақстанның ұлттық құрамаларымен жұмыс істеген, қалалық аурухананы және Балқаш қаласының денсаулық сақтау бөлімін басқарған. Жұбайы Наталья Евгеньевна шамамен 40 жыл бойы қалалық психоневрологиялық қызметті басқарып, көп маманды тәрбиелеп шығарған, еңбегі үшін Құрмет грамоталарымен марапатталған.
"Шерстовтар – медицина пен халыққа адал қызмет етудің үлгісі. Олардың өмірден кетуі – қала мен облыстың бүкіл медицина қауымдастығы үшін орны толмас қайғы. Олар әріптестерінің, шәкірттерінің және науқастардың жүрегінде мәңгі сақталады", – делінген Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының аумақтық өкілдігі хабарламасында.
Балқаш тұрғындары әлеуметтік желілерде көңіл айтып, дәрігерлерді ерекше мейірімділігімен есте сақтап, бірнеше ұрпақ құрметтегенін жазып жатыр. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!