Балқашта полиция қызметкерлері 17 мың бөтелке контрафактілік арақ тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, полиция қызметкерлері Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен бірлесіп қаладағы мейрамханалардың бірінің қоймасында заңсыз ішімдік затын сату дерегін анықтаған.
Қоймаға жүргізілген тінту барысында 852 қорап арақ, жалған есептік-бақылау нөмірімен 17 040 бөтелке тәркіленген.
"Оқиға орнында 25 жастағы күдікті ұсталды. Сондай-ақ, ұсталған ер адамның үйіне жүргізілген тінту кезінде аңшы шолақ мылтығы табылды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабына сәйкес соталды тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта ішімдік өнімін жеткізушіні, контрафакт алкоголь қайда сатылғанын, сондай-ақ қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау жұмысы жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!