Балқашта жылу трассасының құбырларын ауыстыру кезінде шамамен үш адамның сүйегі табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Магистральдық құбырларды ауыстыру кезінде Әлімжанов пен Қалмақов көшелері қиылысында адам сүйектері табылды. Бұл жайтты жұмыс істеп жатқан мердігерлік фирманың қызметкерлері анықтады. Олар полицияға болған оқиғаны хабарлады.
Қызметкерлердің сөзінше, оқиға орнына келген құзырлы органдар шамамен үш адамның сүйегін тапты. Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі адам сүйектері табылғанын растады.
"Адам сүйектері табылды, оларда зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Бұл дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Сарапшылар адам сүйектері жерастында қанша уақыт жатқанын және зорлық-зомбылық болып-болмағанын анықтауы керек. Сондай-ақ полицейлер қаза тапқандардың жеке басын анықтайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!