Балқашта қоқыс өртенді: құтқарушылар 20 адамды эвакуациялады

Қарағанды облысының құтқарушылары өрт кезінде 20 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін, 21 қазанда Балқаштағы Желтоқсан көшесінде, төрт қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс өртенді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері баспалдақ арқылы 20 адамды, оның ішінде сегіз баланы эвакуациялады. 

Өртсөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында шағын аумақты шарпыған өрт сөндірілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!