Балқашта өзіне қол салмақ болған қыздың өміріне полицейлер араша түсті. Сүйгенімен сөзге келген ол тоғызыншы қабаттан секіріп өлмек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары тоғыз қабатты үйдің үстіне көтерілген бетте шатырдың жиегінде отырған адамды өздеріне қарай жұлқып тартып алды.
Секіріп кеткелі тұрған 21 жастағы қыз жауапсыз махаббаты туралы айтыпты.
Оның сөзінше, сүйіктісімен сөзге келіп қалып, өмірден баз кешпек болыпты. Жігіті үш күннен бері қоңырау шалмай қойған соң, өмірімен қош айтқысы келген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!