Әлеуметтік желілерде Астана тұрғыны Балқашта су аттракционына мініп, қызметкерлердің немқұрайлы қарауының кесірінен әпкелерімен бірге суға батып кете жаздағанын айтты. Бұл жайтқа Қарағанды облысы полициясы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірлік полицияның мәліметінше, оқиға 8 тамызда болған. Астана қаласының 24 жастағы тұрғыны қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетілуіне байланысты полицияға жүгінген.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысы бар барлық адам анықталып, жауап алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Кінәлілер лайықты жазасын алады", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, осы оқиғадан кейін жағалауда демалушылар мен қыздардың ағалары жедел жәрдем, полиция шақырған. Үш апалы-сіңлілі аспирациялық пневмония диагнозымен ауруханаға түскен.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!