Қарағанды облысында көлік өртеніп, жеті адам тірідей өртеніп кетті. Тағы екі адам ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 5 шілдеде болған. Kia Sedona көлігінің жүргізушісі Балқаш бағытында келе жатып, жол белгілеріне мән бермей, қауіпті жерде қарсы бағытқа шығып кеткен. Ол жолдың жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскесіне кіріп кетіп, металл қоршауға соғылған. Соққыдан кейін бірнеше секунд ішінде көлік отқа оранған.
Тек екі адам аман қалған - жүргізуші мен бір жолаушы. Қалған жеті адам көліктен шығып үлгермей, тірідей өртеніп кеткен. Куәгерлердің айтуынша, көлікте балалар да болған. Қазір олардың тұлғалары анықталып жатыр. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, жағдайлары нақтыланып жатыр.
Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды, апаттың мән-жайы анықталып жатыр.
"Жүргізушілер, қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемей қалмаңыздар. Ұзақ жолға шығар алдында тынығып алыңыздар, жолда аялдаңыздар, асықпаңыздар. Бұл ережелер адам өмірін сақтап қалады", - деп ескертті полиция өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек