Қарағанды облысындағы тасжолда жүк көліктері соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қарағанды облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
10 маусым күні сағат 09:59 шамасында Алматы - Екатеринбург тасжолының 655-шақырымында екі MAN жүк көлігі соқтығысты.
"Жол апаты салдарынан жүк көлігінің бірінің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 31 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екінші көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы (барлығы ересек адам) медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады ведомство.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Желіде жүк көліктерінің бірінде балалар болғаны туралы ақпарат тарады. Ведомство "көліктердің бірінде жаттықтырушымен бірге балалардың болуы мүмкін" деген ақпараттың шындыққа жанаспайттынын хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!